Ирактың солтүстігіндегі операциялар жалғасуда

"Пенче-Шимшек" және "Пенче-Йылдырым" операцияларында ПКК террористеріне ауыр соққы берілді.

1633236
Ирактың солтүстігіндегі операциялар жалғасуда

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігіндегі "Пенче-Шимшек" және "Пенче-Йылдырым" операцияларында бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшесі террористер қолданған баспаналар мен қару-жарақтарын күйреткенін білдірді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Түрік Қарулы Күштерінің Метина мен Авашин-Басиян аймақтарында бастаған "Пенче-Шимшек" және "Пенче-Йылдырым" операцияларында бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшесі террористер қолданған баспаналар мен қару-жарақтарын, тұзақты жарылғыштарды жою жұмыстары жалғасқаны хабарланды.

Аймақта анықталған террористер қолданған баспаналар мен қару-жарақтар, тұзақты жарылғыштар Жарылғыштарды анықтау және жою тобы тарапынан күйретілді.



Ұқсас жаңалықтар