Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирак шекарасында

Министр Хулуси Акар: Қазірге дейін 46 террорист залалсыздандырылды.

1632216
Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирак шекарасында

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирактың солтүстігінде жалғасқан «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операциялары барысында қазірге дейін 46 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

Министр Акар Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлер және Құрлық күштері қолбасшысы генерал Үміт Дүндармен бірге Ирактың солтүстігіндегі әскери база аймақтарында тексеру жүргізді.

Акар «Пенче-Шимшек» операциясына бағыт-бағдар беру орталығы Шырнакта жасаған мәлімдемеде «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операцияларының өте табысты өтіп жатқанын атап, қазірге дейін 46 террористің залалсыздандырылғанын атап көрсетті.

Террормен күрестің соңғы террорист залалсыздандырылғанша жалғасатынын атап көрсеткен Акар «Барлық індеріне басып кірдік, террорды жоюда табандымыз. Бұған күшіміз жетеді және жасаймыз. Тезарада тыныштық пен бейбітшілікті бұл аймақта қамтамасыз етеміз» деді.

Жүргізілген күрестің тек қана террористтерге қарсы екенін атап көрсеткен министр Акар «Ешбір күрд бауырымызбен, азаматтарымызбен мәселеміз жоқ. Жалғыз мақсатымыз террорды жою, соңғы террористті залалсыздандыру» деді.



Ұқсас жаңалықтар