Октай «TRT World's Strait Talk» бағдарламасына қатысты

Вице-президент Фуат Октай күн тәртібін бағалады.

1632141
Октай «TRT World's Strait Talk» бағдарламасына қатысты

Вице-президент Фуат Октай Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байденнің 1915 жылғы оқиғаларға қатысты мәлімдемесіне тоқталып «Меніңше әрі өзі, әрі АҚШ-тың сыртқы саясаты үшін мүлде бұрыс бір бастама» деді.

Октай «TRT World's Strait Talk» бағдарламасына қатысты.

Вице-президент Октай Байденнің 1915 жылғы оқиғаларға қатысты мәлімдемесін ішкі саясат құралы ретінде жасағанын еске сала отырып, «Байден сәтсіз бір мәлімдеме жасады. Бір сөзбен айтқанда мен үшін «ішкі саясат» ойынынан басқа нәрсе емес. Бұл бақытсыз және орынсыз мәлімдеме болды. Байден мен АҚШ-тың сыртқы саясаты үшін мүлде бұрыс бір бастама» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Байден арасында маусым айындағы НАТО саммитінде жүзеге асуы күтілген бас қосуға назар аударған Октай АҚШ-пен қарым-қатынастарда жаңа бір бастаманың кезі келгенін атап көрсетті.

Фуат Октай Вашингтон әкімшілігінің PKK/YPG және ФЕТО мәселелерінде қабылдаған шешімдерге қайта қарау керектігін еске салды.

Вице-президент Октай апта ішінде Швейцарияның Женева қаласында болып өткен Кипр жиналысына да тоқталып, келіссөздердің шешімсіз қалуында понти тарапының рөліне назар аударды.

Октай «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар үстелде жаңа бір көзқарас ортаға қойды. Понти тарапы болса ешбір жаңа ұсыныспен келген жоқ. Соңғы 30 жылдан бері айтқан нәрселерімен шығып келді» деді.

Фуат Октай Түркияның әрқашан СКТР-ні қолдайтынын қайталады.

Басқа жағынан вице-президент Октай сириялық босқындар тақырыбында халықаралық қоғамның ұстанымын да сынға алып, берген уәделерді орындамағандарын тілге тиек етті. 

Октай «Шамамен 4 миллион сириялыққа қонақжайлық жасаудамыз. Халықаралық қоғам сөйлегенді, уәде бергенді жақсы көреді, бірақ уәделерін орындағанды ​​ұнатпайды. Бұл да мәселелерді шешпейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар