Коммуникация басқармасы төрағасы Алтун TRT-ні құттықтады

Алтун TRT-нің 57-ші жылдығына орай Ибрахим Эренге құттықтау хатын жіберді.

1632161
Коммуникация басқармасы төрағасы Алтун TRT-ні құттықтады

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркия телерадио корпорациясының (TRT) әртүрлі тілдерде таратқан халықаралық эфирлерімен барлық әлемге Түркияның құдіретін түсіндіріп, ұлтының дауысын жеткізгенін мәлімдеді.

Алтун TRT-нің 57-ші жылдығына орай TRT Бас директоры Ибрахим Эренге құттықтау жіберді.

Құттықтауында ТРТ-нің барлық алаңдарда адамды негізге алатын түсінікпен дайындалған эфирлерімен назар аударғанын атап көрсеткен Алтун «TRT сенімді хабар тарату қызметіндегі табысын мәдениет, өнер, спорт, оқу және бала телеарналарымен шыңдай отырып, сонымен бірге әртүрлі тілдерде жүзеге асырған халықаралық эфирлері арқылы бүкіл әлемге Түркияның күш-құдіретін түсіндіріп, ұлтының дауысын жеткізеді» деді.

Алтун «TRT-нің халықаралық ықпалдылығы және сандық көзқараспен жүзеге асырған инвестициялары арқылы бір әлемдік брендке айналатынына сенімім мол. Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы ретінде бар мүмкіндіктерімізбен қолдауымыз жалғасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар