Түркияның әуе қорғаныс жүйелері іске қосылады

Қорғаныс өнеркәсібі президенті Исмаил Демир мәлімдеме жасады.

1631666
Түркияның әуе қорғаныс жүйелері іске қосылады

Қорғаныс өнеркәсібі президенті Исмаил Демир Түркияның әуе қорғаныс жүйелерінің іске қосыла бастағанын мәлімдеді.

Демир Әзербайжан сапарына қатысты Түрік радио және теледидар корпорациясына (TRT) арнайы мәлімдемелер жасады.

Әзербайжанмен байланыстардың дос және бауырластық рухы аясында жалғасқанына назар аударған Исмаил Демир «Таулы Қарабах операциясы кезінде байқағанымыз өз жерін оккупациядан құтқару үшін жылдардан бері жалғастырған келіссөз талпыныстары босқа кетіп, енді нәтиже шықпайтынына көзі жеткен соң Әзербайжанның майдандағы қабілеті мен өнімдер жерін қайтарып алуда өте маңызды рөл атқарды» деді.

Демир Әзербайжанның майданда қабілет танытқан және үстемдік көрсеткен түрік өнімдеріне қызығушылық танытқанын атап айтты.

Операция барысында алған сабақтарды назарға ала отырып екі елдің де мықты болуға тиісті екенін айтқан Демир отандық әуе қорғаныс жүйелерінің іске қосылғанын, жаппай өндірістің басталғанын және оларды жеткізу жұмыстарының жүзеге асырылатынын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар