Демирден Блинкенге "S-400" жауабы

Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир мәлімдеме жасады.

1630544
Демирден Блинкенге "S-400" жауабы

Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің «S-400 сатып алу АҚШ-тың қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деген мәлімдемесіне қайтарған жауабында «Біз қажетті шараларды қабылдаймыз деп айттық. Дегенмен бұл тақырыпта ешбір келіссөз болған жоқ. Мен енді осыдан кейін болатынына үміттенемін» деді.

Исмаил Демир жекеменшік бір арнада жасаған мәлімдемесінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің «Ресейдің S-400 әуе қорғаныс жүйелері АҚШ-тың қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Түркияға қоса АҚШ-тың  бүкіл одақтастарының Ресейдің қорғаныс жүйелерінен аулақ болуы өте маңызды» деп мәлімдеді.

Мұндай ойлардың жоқ екенін тілге тиек еткен Демир «Біз мұны бізге түсіндіріңіз, бізді көндіріңіз деп бірнеше рет жеткіздік. Қандай мазасыздық болмасын, біз одақтастық рухымен қадам басармыз деп айттық. Мен бір жиналыста бұрынғы Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонға ‘Техникалық тұрғыдан бізді көндіру керексіз, бізге түсіндіруге міндеттісіз’ деген болатынбыз. Дұрыс айтасыз сізге бір мәлімдеме жасауға міндеттіміз деген еді. Сол күннен бері бұл мәлімдемені күтіп отырмыз» деді.

Демир Блинкеннің өзіне жеткізілген мәліметтер сендірілген болуы мүмкін екенін атап, «Бірақ біз бұл ақпаратты жеткізетін адамдардың қаншалықты шынайы екендігі және қандай параметрлерді білетіні тақырыбында алаңдаймыз. Сөйлескен кезде «біз қажетті шараларды қабылдаймыз» дедік. Дегенмен бұл тақырыпта ешбір келіссөз болған жоқ. Мен енді осыдан кейін болатынына үміттенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар