Түркияда бір тәулікте 341 адам қайтыс болды

Фахреттин Кожа: "Түркия Sputnik V вакцинасынан 6 айда 50 миллион доза алуға келісім жасасты. Алғашқы вакцина маусым айында келеді" деді.

1630263
Түркияда бір тәулікте 341 адам қайтыс болды

Түркияда соңғы бір тәулікте коронавирустан 341 адам қайтыс болды. 

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 39 мың 398 кісіге көбейді.

Бір күнде 283 мың 261 сынама жүргізіліп, 2 мың 728 жаңа науқас тіркелді.

Бір тәулікте 40 мың 444 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 45 мың 198 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 4 миллион 212 мың  461 кісіге жетті.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа ұлттық белсенді емес вакцинада клиникалық зерттеудің 3-ші сатысындағы  сынақтың бірнеше күнде басталатынын айтты.

Фахреттин Кожа Ғылыми кеңеспен өткізген жиналыстан кейін жасаған мәлімдемесінде:

"Түркия Sputnik V вакцинасынан 6 айда 50 миллион доза алуға келісім жасасты. Алғашқы вакцина маусым айында келеді" деді.



Ұқсас жаңалықтар