"Инжирлик базасы- Түркияға тиесілі"

Базаның иесінің Түркия Республикасы екені атап көрсетілді.

1630170
"Инжирлик базасы- Түркияға тиесілі"

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Адана қаласындағы Инжирлик базасының Түрік Қарулы күштеріне тиесіді Әуе күштері базаларыны бірі екенін білдірді.  Базаның иесінің Түркия Республикасы екені атап көрсетілді.

Министрлік АҚШ президенті Байденнің 1915 жылғы оқиғаларды «геноцид» деп атауынан кейін күн тәртібіне келген Инжирлик базасы және осы базадағы АҚШ байрақтарының төмен түсірілуі керектігі туралы таластарға байланысты мәлімдеме жариялады.

Инжирлик базасындағы кейбір нысандардың қолданылуының Түркия мен АҚШ арасында 1980 жылы қол қойылған келісім шеңберінде жүргізілгені еске салынды. Осы келісімнің «Түркия Республикасы Үкіметі Инжирликтегі Түрік Қарулы күштері базаларында бірге қорғаныс шараларына қатысу үшін Америка Құрама Штаттары үкіметіне рұқсат береді» үкімі бойынша жұмыс істейтіні айтылды.

Министрлік «Инжирлик базасы Түрік Қарулы күштеріне тиесілі Әуе күштері базаларының бірі.  Түрік базасы.  Барлық нысандарымен бірге иесі Түркия Республикасы. Түрік байрағы осында 24 сағат бойы желбіреп тұрады. Ешқашан төмен түсірілген емес. Инжирликтегі 10-шы Танкер база қолбасшылығы Ескишехирдегі Әскери күштер қолбасшылығына, артынан Әуе күштері қолбасшылығына қарайды.  База қолбасшылығы міндет пен жауапкершілігін база қолбасшысының бұйрығы бойынша атқаруда» деп хабарлады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі 10-шы танкер база қолбасшылығында АҚШ-тан басқа Испания, Катар және Польшаның күштері бар екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар