«Пенче-Йылдырым» операциясында 4 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1629269
«Пенче-Йылдырым» операциясында 4 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігінде жүргізілген «Пенче-Йылдырым» операциясында 4 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі Метина және Авашин-Басиян аймақтарында жүргізілген «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операцияларының жоспар бойынша жалғасқаны білдірілді.

Авашин-Басиян аймағындағы «Пенче-Йылдырым» операциясында шейіт болған әскерлердің кегінің алынатыны білдірілген мәлімдемеде шабуыл жасалған аймақта PKK-лық 1 террористің қаруымен бірге залалсыздандырылғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеге қарағанда «Пенче-Йылдырым» операциясы аясында бір үңгірде жасырынған PKK-лық 3 террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды.

Сондай-ақ «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операцияларында залалсыздандырылған жалпы террорист санының 37-ге жеткені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар