Алтуннан Лос-Анджелесте жиналған армян экстремистерге наразылық

"АҚШ мекемелерін қажетті шараларды қолдануға шақырамыз".

1629221
Алтуннан Лос-Анджелесте жиналған армян экстремистерге наразылық

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) Түркияның Лос-Анджелестегі Бас консулын шейіт еткен армян террористің босатылуы мен тарихи оқиғаларды бұрмалай отырып қабылданған шешімдердің армян экстремистерді көтермелегенін жариялады.

Алтун жеке әлеуметтік аккаунтынан ағылшын тілінде жариялаған хабарламасында Әзербайжан туы кигізілген бір манекенді армян шерушілердің дарға асып өлім жазасын орындауы қуанышты айқай-шу туғызған демонстрацияның да бұл ынталандырудың нәтижесі екенін білдірді. Алтун әзербайжандықтарға ашық түрде қорқытатын ұрандар тастаған армян экстремист демонстранттарға наразылық көрсетті.

Фахреттин Алтун «Түркияның Лос-Анджелестегі бас консулын 1982 жылы шейіт еткен армян террорист Хампиг Сасунян өткен ай босатылды. "Бұл қанішерлердің жазасыз қалуы тек қана заманауи радикалдарды ынталандыруға қызмет етеді" деп ескерткен едік. Тарихты бұрмалау АҚШ-та өмір сүрген Әзербайжан тектілерді ашық түрде қорқытатын ұшқары армяндар одан да ынталанды. Бұл жағдай бізді алаңдатуда. Барлық қауіптерге қарсы Әзербайжан азаматтарына қолдауымыз жалғасады. АҚШ мекемелерін қажетті шараларды қабылдауға шақырамыз. Аралағысы келгендер үшін "Армян террористтер тарапынан шейіт етілген дипломаттарымыз" тақырыпты фотосурет көрмесі 1 мамыр күніне дейін Лос-Анджелесте ашық болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар