Ердоған Байденді айыптады

Ердоған Байденнің 1915 оқиғаларына байланысты мәлімдемесін айыптады.

1628744
Ердоған Байденді айыптады

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Джо Байденнің бір ғасырдың алдында 1915 жылы болған оқиғаларға байланысты "негізсіз, әділетсіз, шындыққа жанаспайтын мәлімдемелер" жасағанын айтып:

"Түрікке, түрік ұлтына "қырғын" таңбасын баса алмайсыз" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

24 сәуірде АҚШ президенті Джо Байденнің 1915 оқиғаларын "қырғын" деп бағалауына наразылық көрсеткен Ердоған:

"Байденнің 1915 мәлімдемесін Ұшқары армян қоғамдары мен Түркияға қарсы топтардың қысымымен жасағанын ойлаудамын" деді.

АҚШ президенті Джо Байденнің бір ғасырдың алдында 1915 жылы болған оқиғаларға байланысты негізсіз, әділетсіз, шындыққа жанаспайтын сөздер қолданғанын айтқан Ердоған:

"АҚШ пен Еуропа егері бізбен тарих жайлы бәсекеге түсетін болса, олар адамдар арасында жүре алмайды.  Мұны біз емес, еуропалық тарихшылар айтып отыр. Егер "қырғын" десеңіз, ендеше айнаға қарап, одан кейін бағаландыру жасауыңыз керек" деп көрсетті. 

"Османлы армяндарды басқа жаққа жолдамаған, территориясында орын ауыстырған. Оларға бір апта уақыт беріліп, қиыншылық себебі болғандары кешірілген" деген Ердоған:

"Көшірілген және жолданған армяндардың саны АҚШ рапортының өзінде 600 мың деп тіркелген, ал нақтылы сан одан да аз" деді.

Президент сол дәуірде көптеген жерде армяндар қырған түріктердің топтық қабірлері бар екенін, ал ешқандай жерден армяндардың топтық мазары табылмағанын да атап айтты.

Ердоған:

"24 сәуірде адамгершілікке жат ешқандай трагедия болған емес. 1915 жылы 24 сәуір Османлы елінің өзіне қарсы жұмыстанған ұйымдарды шектеп, 235 басшысын ұстаған күн. Армян қарақшылары түрік армиясымен және қалаларды қорғаған жасақтармен қақтығысып, қорғансыз адамдарды өлтірген. Бүгін шындық айқын болып отырғанына қарамай, түрікке, түрік ұлтына "қырғын" жалғанын жабыстыра алмайсыз" деп баса дәріптеді.

Президент Ердоған:

"Тарихтағы оқиғаларды зерттеу және шындықты анықтау саясатшыларға емес, тарихышыларға қалғаны жөн. Жылдар бойы жалғасқан армян пайымдаулары тақырыбында ортақ бір тарих комиссиясын құру ұсынымызға әлі жауап ала алмадық" деді.



Ұқсас жаңалықтар