Германияда полициядан жәбір көрген түрікке қолдау

Абдуллах Ерен түрік азаматына қолдау білдірді.

1628407
Германияда полициядан жәбір көрген түрікке қолдау

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының төрағасы Абдуллах Ерен Германияда полициядан жәбір көрген түрік іскер Эмре Түмсекке телефон шалды.

Ерен «Азаматымызбен сөйлестік. Қолдау тілектерімізді жеткіздік. YTB ретінде құқықтық процесті қадағалаймыз. Осындай адамдыққа жатпайтын қимылдарды қабылдауға болмайды.  Соңғы бес жылда неміс полициясы құрамындағы ұшқары оңшыл көзқарастарға орай 170 әкімшілік қылмысы тіркелген» деп жазды.

Германияда өмір сүретін 43 жаар Түмсек кәсіпорнының алдында полициядан жәбір көрген еді. Ол төңіректегі адамдар түсіріп алған видеосын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар