Алтун "Шейіт дипломаттар көрмесінде" мәлімдеме жасады

Алтун түрік дипломаттарды еске алу үшін ұйымдастырылған «Шейіт дипломаттар көрмесінде» мәлімдеме жасады.

1628540
Алтун "Шейіт дипломаттар көрмесінде" мәлімдеме жасады

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун АҚШ президенті Джо Байденнің 1915 жылғы оқиғаларды «армян геноциді» деп атаған мәлімдемесін сәтсіз, шексіз және негізсіз деп санап, оны қабылдамағандарын айтты.

Алтун армян террор ұйымдары шейіт еткен түрік дипломаттарды еске алу үшін Стамбулда ұйымдастырылған «Шейіт дипломаттар көрмесінде» мәлімдеме жасады.

Алтун Түркияны өздері қалаған жолға жетелеу мақсатты террордан санкцияға дейін әртүрлі қорқытуларға барғандардың табысқа жете алмағанын атап көрсетті.

Түркияны бөлу, ұсақтау және қанжар салғысы келген барлық күштерге қарсы мемлекет пен ұлттың әрдайым күресетінін атап көрсеткен Алтун «Террор ұйымдармен жаһандық күш одақтарымен және төңкерісшіл саналармен күресуден бір сәтке де болса алыста тұрмаймыз» деді.

АҚШ президенті Байденнің 1915 жылғы оқиғалармен байланысты мәлімдемесіне тоқталған Алтун «Байденнің 1915 жылғы оқиғаларды «армян геноциді» деп атаған мәлімдемесін сәтсіз, шексіз және негізсіз деп санап, оны қабылдамаймыз. Біздің қарым-қатынасымызға үлкен зиян тигізетіні анық. Аталмыш «армян геноциді» айыптаулары сияқты тарихи шындыққа жатпайтын популист сөйлемдер бұл топырақтарда ортақ мәдениетімізге жасалған бір шабуыл. Бірақ бұл шабуылдар біздің бауырластығымызға зиян тигізбейді, алайда қарым-қатынастарымызды одан әрі нығайта түседі» деді.



Ұқсас жаңалықтар