Алтун "Кипр түрік халқының қасында боламыз" деді

Фахреттин Алтун Солтүстік Кипр Түрік Республикасының тағдырының Түркияның тағдыры екенін айтты.

1628253
Алтун "Кипр түрік халқының қасында боламыз" деді

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Солтүстік Кипр Түрік Республикасының тағдырының Түркияның тағдыры екенін айтты. 

Алтун Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Эрсин Татардың Грекияда шығатын ""Kathimerini"-ге берген сұхбаты жайлы твиттер арқылы мәлімдеме жасап, "Солтүстік Кипр Түрік Республикасының тағдыры біздің тағдырымыз" деді. 

Алтун "Мемлекетіміз ортақ. Біздің арман-тілектеріміз Кипр түріктерінің арман-тілектерімен бірдей. Тарихта болғандай бүгін және ертең де барлық күш-қуатымызбен Кипр Түрік Республикасын қолдаймыз. Кипр түрік халқының қасында боламыз" деген сөздер қолданды. 

Кипр Түрік Республикасы Президенті Эрсин Татар Грекияда шығатын "Kathimerini"-ге берген сұхбатында "Түркия күшті бір ел. Түркия еліміздің кепілгері."  деген еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар