АҚШ-тың Түркиядағы елшісі министрлікке шақырылды

Сыртқы істер министрлігі Байденнің мәлімдемесін айыптап, қабылданбағанын білдірді.

1627706
АҚШ-тың Түркиядағы елшісі министрлікке шақырылды

АҚШ-тың Түркиядағы өкілетті елшісі Дэвид Саттерфилд президент Джо Байденнің 1915 жылғы оқиғаларды «геноцид» деп таныған мәлімдемесі себепті Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Елші Саттерфилдке Түркияның аталмыш мәлімдемеге наразылығы жеткізілді.

Сыртқы істер министрлігі Байденнің мәлімдемесінің үкімсіз екенін атап «Елші Саттерфилдке аталмыш мәлімдемеге қатысты наразылығымыз жеткізілді. Тарихи-құқықтық кез-келген негізден аулақ бұл мәлімдемені қабылдамағанымызды, толығымен жоққа шығарғанымызды және қатаң түрде айыптағанымызды түсіндірдік» делінді.



Ұқсас жаңалықтар