АҚШ-тағы түріктер Байденді протест етті

Вашингтонда АҚШ президенті Джо Байденнің 1915 жылғы оқиғаларды «геноцид» деп атауы протест етілді.

1627885
АҚШ-тағы түріктер Байденді протест етті

Америка Құрама Штаттарының бас қаласы Вашингтонда көптеген түрік АҚШ президенті Джо Байденнің 1915 жылғы оқиғаларды «геноцид» деп атауын протест етті.

Түркияның Вашингтон елшілігі алдында жиналған түріктер қолдарында ұстаған плакаттар және түрік пен Әзербайжан байрақтарымен Байденнің мәлімдемесін айыптады.

Шерушілер 1915 жылғы оқиғалармен байланысты армян айыптауларын қатаң түрде айыптап, діни өлеңдер, ұлттық әнұрандар және әндер шырқады.

Басқа жағынан армяндарды жақтайтын бір топ та жолдың шетінде шеру ұйымдастырды.

АҚШ-та 155 азаматтық қоғам бірлесіп құрған Түрік-Американ бағыт-бағдар комитеті де әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде «Түрік-Американ қоғамы Джо Байденнің Османлы армяндарының трагедиясын «геноцид» деп атағаны себепті ренжідік» деді.

Оқиғаларды Түркияның теріске шығармағаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Біріккен Ұлттар мен Еуропадағы адам құқығы сотының өте жаман десе де, сол жерде бір «геноцид» жасалмағаны көзқарасына қосылып, оқиғалар үшін қайғылымыз» делінді.

Орталығы Вашингтондағы Түрік-Американ қоғамы болса Твиттерден жасаған мәлімдемесінде «Тарих - саясаткерлердің емес, тарихшылардың жұмысы» деді.

Байденге алдында жолдаған бір хатпен «геноцид» сөзінің қолданбау шақыруы жасаған қоғам Түркияның Вашингтондағы елшілігі алдында Түрік-Американ қоғамы ұйымдастырылған протесттердің көріністерін бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар