"1915 жылғы оқиғалардың артындағы шындықтар жасырыла алмайды"

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун ағылшын тілінде хабарлама жасады.

1627953
"1915 жылғы оқиғалардың артындағы шындықтар жасырыла алмайды"

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун 1915 жылғы оқиғалардың артындағы шындықтардың жасырыла алмайтынын және тек қана ғылым, тарих, құқық, келіссөзбен бұлардың жарыққа шығарылатынын атап көрсетті.

Алтун әлеуметтік медиа парақшасынан жасаған ағылшын тіліндегі хабарламасында «Біз 1915 жылғы оқиғалармен байланысты шындықтарды талқылауға әрқашан дайынбыз. Қашан және қайда десеңіз, бұрын да дайын едік, бүгін де дайынбыз, ертең де дайын боламыз» деді.

Фахреттин Алтун хабарламасында «1915 жылдың арғы жағындағы шындықтар» тақырыпты бір бейне көрініс бөлісіп, армян диаспорасының жыл сайын 1915 жылы 24 сәуір күнгі оқиғалармен байланысты айыптауларын мойындату үшін әлемдегі саясат қайраткерлеріне қысым жасағанын атап, тарихта кейбір үкіметтердің де бұл тақырыпта саяси  шешімдер қабылдағанын еске салды.

Бейне көріністе 1915 жылғы оқиғаларды түсінгісі келген біреудің тарихқа қарау арқылы шындық пен сұмдықты бір-бірінен ажырату керектігі жеткізілді.

Сондай-ақ Түркияның халықаралық ғалымдар мен тарихшыларға ашық Османлы мұрағатын зерттеу үшін шақыру жасалғаны еске салынып, президент Режеп Тайып Ердоғанның «Біз архивтерді барынша аштық. Уа армяндар, егер болса сіз де мұрағатыңызды ашыңыз. Бүкіл әлем, үшінші елдер, бар болса мұрағаттарын ашсын. Келіңіздер, барлық мұрағаттық тексерулерде уәкілетті адамдар жұмыстансын. Қорытындыға қарап саясаткерлер ретінде сөйлесейік» деген сөздеріне орын берілді.

«Тарих ақиқатты іздейтін тарихшылар тарапынан жазылу керек. Лобби топтарының ауыздарына қараған саясаткерлер емес» делінген бейне көріністе Түркия армяндарының 85-ші патриархы Сахак Машалянның «Халқымыздың қайғысы мен ата-бабаларымыздың қасиетті естелігін кейбір елдердің күнделікті саяси мақсаттарда қолдануын көру бізді қатты ренжітеді. Ондаған жылдардан бері бұл тақырыптың парламенттердің күн тәртібіне әкелінуі екі халықтың жақындасуына қызмет етпейді» мәлімдемесіне назар аударды.

Бейнекөріністе негізсіз айыптаулардың Түркияның армян азаматтарымен берік қарым-қатынастарына кері әсер етуіне жол бермейтініне назар аударылып, Түркияның армян қауымдастығының сөз еркіндігі мен діни бостандығын қорғауды жалғастыратыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар