Түркия Байденнің мәлімдемесін қатаң түрде айыптады

Түркия 1915 жылғы айыптауларды «қырғын» деп атаған Байденді қатаң түрде айыптады.

1627649
Түркия Байденнің мәлімдемесін қатаң түрде айыптады

Түркия Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байденнің армяндардың 1915 жылғы айыптауларын «қырғын» деп атауын қатаң түрде айыптағанын жариялады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «АҚШ президентінің 24 сәуір күні жасаған 1915 жылғы айыптауларға қатысты мәлімдемесін қабылдамаймыз және ең қатал түрде айыптаймыз» делініп, «Тарихи мәселелерді шешуге заңды да, моральдық та құқығы жоқ Америка Құрама Штаттары президентінің мәлімдемесінің ешбір маңызы жоқ» делінді.

«1915 жылғы оқиғаларға қатысты халықаралық құқықта аталған «қырғын» сөзін қолдану қажетті талаптардың ешқайсысы жоқ» делінген мәлімдемеде «Мұндай бір ұстаным тек тарихтың өрескел бұрмалануына қызмет етеді. Еуропалық Адам құқығы соты 1915 жылғы оқиғаның даулы сипатын нақты түсіндірген. Басқа жағынан Түркияның сол кезеңге қатысты ғылыми шындықтар аясында әділ бір сананы қалыптастыруға бағытталған 2005 жылы жасаған «Ортақ Тарих комиссиясы құру» ұсынысы да, армяндар бұл ұсыныстан қашса да, бүгін әлі өтімділігін жалғастыруда» деді.

Мәлімдемеде «Өркениеттер бесігі» деп аталған бір аймақтың орталығында орналасқан және бастан кешкен барлық қайғы-қасіретке қарамастан адамзаттың бейбіт және тыныштығы үшін талпынуды өзіне мақсат еткен Түркияның тарихымен бетпе-бет келуден ешқашан қашпағанын атап «Бұл тақырыпта АҚШ-қа қоса ешкімнен сабақ алмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар