ТҰҰМ төрағасы Шентоптың 1915 жылы оқиғалары мәлімдемесі

ТҰҰМ төрағасы АҚШ президентінің армяндардың 1915 жылы айыптауларына қатысты мәлімдеме жасады.

1627542
ТҰҰМ төрағасы Шентоптың 1915 жылы оқиғалары мәлімдемесі

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп 1915 жылғы оқиғаларды «қырғын» деп есептеу үшін заңда көзделген шарттардың болмағанын атап айтты.

Шентоп армяндардың 1915 жылғы айыптауларға қатысты АҚШ 2021 жылы қабылдаған саяси ұстаным мен өзгерістің тек жаңа әкімшіліктің көзқарасы екенін мәлімдеді.

Мұстафа Шентоп, АҚШ президенті Джо Байден жасайтын мәлімдемеге қатысты «Жасалғанның өзінде саяси мәлімдеме болып қалмақ. Кез-келген бір заңдық негіз жоқ. Түркияда егер тарихи тақырыптар осылай саяси шешімдермен қалыптасатын болса, Түркияның да АҚШ тарихына қатысты заң шығару мерзімін толық қамтитын шешімдер қабылдау кезі келетін шығар. Бұл тақырыпта ең лас тарихы болған елдердің бірі де АҚШ болып табылады» деді.

ТҰҰМ төрағасы Шентоп «Армяндардың тарихи шындықтарға қарама-қайшы қабылданған және басқа елдерге мойындатуға тырысқан сөйлемдер Түркия мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіру жұмыстарына да кері әсер етеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар