Байденнің сөздеріне Түркиядан наразылық

Басшылар Байденнің сөздерін айыптады.

1627651
Байденнің сөздеріне Түркиядан наразылық

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байденнің 1915 жылғы оқиғаларды «геноцид» деп атауына наразылықтар келуде.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Байденнің сөздерін «айыптаймыз және қарсы шығамыз» деп, «АҚШ президентіне өз тарихына және бүгінгі күніне қарауын кеңес береміз» деп жазды.

Президенттік Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун мәлімдемені ең қатал түрде айыптайтындарын білдіріп: «Вашингтон даңқты тарихымызға көлеңке түсіруді таңдағанына орай екі жақты қарым-қатынастарымыз тұрғысынан ең қайғылы күн. АҚШ органдары осы сөздері жариялай отырып өкінішке орай лобиялардың сұраныстарына тізе бүкті» деді.

Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик «тарихи және құқықтың негізі жоқ, дәйексіз айыптауларды арқау қылған мәлімдемені айыптаймыз» деді.

Республика Халық партиясының баспасөз хатшысы Фаик Өзтрак Байденнің мәлімдемесінің тарихтағы үлкен қате екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар