Ұлттық білім беру министрлігі делегациясы Аныткабирде

Ұлттық білім беру министрі Зия Селчук басшылық жасаған делегация Ататүрікке тағзым үшін Аныткабирге барды.

1626920
Ұлттық білім беру министрлігі делегациясы Аныткабирде
ziya selcuk anitkabir 23 nisan.jpg
ziya selcuk anitkabir 23 nisan.jpg

Ұлттық білім беру министрі Зия Селчук басшылығындағы делегация 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесіне орай Аныткабирге барды.

Ұлттық білім беру министрі Зия Селчук бастаған министрлік бюрократтары, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардан тұратын делегация Арыстанды жолмен жүріп, Ардагер Мұстафа Кемал Ататүріктің мавзолейіне өтті.

Селчук мавзолейге гүл шоғын қойған соң бір минут үнсіздік жарияланып, артынан Түркияның мемлекеттік әнұраны шырқалды.

Аныткабир баспалдағында делегациямен естелік фотосуретке түскен министр Селчук кейін «Мисак-ы Милли» мұнарасына өтіп Аныткабир естелік кітапшасына қол қойды. Министр кітапшаға жазған сөзінде «Республикамыздың негізін қалаушы, Ардагер Мәжілісіміздің тұңғыш төрағасы, бас мұғалім Мұстафа Кемал Ататүрік. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіміздің (ТҰҰМ) 101 жылдығы мен Ұлттық егемендік және балалар мерекесін тойлау мақсатты 18 миллион оқушы мен 1 миллион мұғаліміміз атынан осындамыз құзырыңа келдік. Ұлтымыз өз еркіндігінен айырылып, өзінің ұлттық болмысына қауіп төніп тұрған тарихи бір бұрылыста сіздің ‘ұлттың болашағын тағы ұлттың қажымас қайраты мен шешімдері құтқарады’ деген сөзіңізді басшылыққа ала отырып, ұлттық ерік-жігерді жоғары ұстаған ұлы мәжілісіміздің құрылуын қамтамасыз етуіңіз тарихымыздың ең маңызды оқиғалардың бірі болып қабылданады» деді.

Селчук Ататүріктің бала сүйіспеншілігінің адам сүйіспеншілігінің негізін құрағанын, 23 сәуірді балаларға бір мереке ретінде сыйлағаны себепті өздерін «құнды» деп есептейтін бүлдіршіндердің болашаққа үмітпен қарайтынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар