Түркияда бір тәулікте 343 адам қайтыс болды

Түркияда 3 миллион 970 мың  111 кісі коронавирус індетінен сауықты.

1627185
Түркияда бір тәулікте 343 адам қайтыс болды

Түркияда соңғы бір тәулікте коронавирустан 343 адам қайтыс болды. 

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 37 мың 672 кісіге көбейді.

Бір күнде 302 мың 91 сынама жүргізіліп, 3 мың 89 жаңа науқас тіркелді.

Бір тәулікте 49 мың 438 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 60 мың 176 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 3 миллион 970 мың  111 кісіге жетті.

 



Ұқсас жаңалықтар