Түркия-Польша-Румыния үштік жиналыс өтті

Мәвлүт Чавушоғлу "Украина және маңдағы соңғы оқиғалардан барлығымыз алаңдаудамыз" деді.

1627005
Түркия-Польша-Румыния үштік жиналыс өтті

Сыртқы министрі Мәвлүт Чавушоғлу Қаратеңіз аймағының дағдарыстардан аулақ болуы керектігін білдіріп, "Украина және маңдағы соңғы оқиғалардан барлығымыз алаңдаудамыз" деді. 

Чавушоғлу Түркия-Польша-Румыния сыртқы істер министрі үштік жиналысынан кейін әріптестерімен ортақ баспасөз жиналыс ұйымдастырды. 

"Түркия-Польша стратегиялық ортақтық хаттамасының 10 жылдығына" орай ұйымдастырылған сессияда баяндама жасағанын білдірген Чавушоғлу "Қарым-қатынастарымыз барлық аймаққа үлгі болуда" деген сөздер қолданды. 

Чавушоғлу үштік жиналысының бұдан 9 жыл бұрын бастағанын еске салып, келесі жылғы 10-шы жиналысына Түркияның үй иелігін жасайтынын түсіндірді. 

Чавушоғлу бүгінгі жиналыста соңғы НАТО сыртқы істер министрлері жиналысымен қатар ұйымдастырылатын НАТО саммитін де қолға алғандарын баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар