Ердоған мен Байден телефонда кеңесті

Ердоған мен Байденнің маусым айында өтетін НАТО саммитінде екі жақтылы кездесу өткізу жөнінде келіскендері хабарланды.

1627215
Ердоған мен Байден телефонда кеңесті
Erdoğan_Biden_3.jpg
Erdoğan_Biden_2.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Джо Байденмен телефонда сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде Ердоғанның әңгімесінде Фетуллахшыл террористік ұйым ФЕТӨ-ның АҚШ-тағы болмысы және АҚШ-тың Сирияда бөлшектеуші террористік ұйым PKK/PYD-ге қарсы күреске берген қолдауы сияқты тақырыптардың шешімін табуының маңыздылығын баса айтты. 

Ердоған мен Байденнің телефондағы әңгімесінде ынтымақтастықты бекемдеу мақсатымен бірге жұмыстанудың маңыздылығы тақырыбында келіскені білдірілген мәлімдемеде екі басшының маусым айында өтетін НАТО саммитінде екі жақтылы кездесу өткізу жөнінде келіскендері хабарланды.

Ақ Үйден жасалған мәлімдемеде маусым айында өтетін НАТО саммитінде екі жақтылы кездесу өткізілетіні білдіріліп:

"Байден Ердоғанмен әңгімесінде ынтымақтастықты бекемдеу, кірбеңдіктерді жөнге салу жолдары мен екі жақтылы қарым-қатынастарды жақсартуды дәріптеді" деп көрсетілді. 
 



Ұқсас жаңалықтар