Чавушоғлу Грузия сыртқы істер министрімен кездесті

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу Грузия сыртқы істер министрі Дэвид Залкалианимен кездесті.

1626780
Чавушоғлу Грузия сыртқы істер министрімен кездесті

Министр Чавушоғлу бұл туралы твиттер арқылы мәлімдеме жасады. Чавушоғлу мәлімдемесінде "Грузия сыртқы істер министрі Дэвид Залкалианимен Румынияның астанасы Будапештте кездескеніме ризамын. Біз екі ел қарым-қатынастары және аймақтық тақырыптарды қолға алдық" деген сөздер қолданды. 

Чавушоғлу Грузия сыртқы істер министріне екі ел арасындағы стратегиялық ортақтықты күшейтудегі табандылығын қайталағанын мәлімдеді.

Министр Чавушоғлу мәлімдемесінде "Грузияның егемендігіне және территория тұтастығына деген қолдауымызды жалғастырамыз" деген сөздерге орын берді.  

 



Ұқсас жаңалықтар