PKK-ға қарсы «көктемгі-жазғы» операциялар басталды

Ішкі істер министрлігі операциялармен байланысты мәлімдеме жасады.

1626505
PKK-ға қарсы «көктемгі-жазғы» операциялар басталды

Ішкі қауіпсіздік операцияларымен ауылдық аймақтарда жойылуға жеткен террор ұйымы PKK-ны елдің күн тәртібінен толығымен шығару үшін «көктемгі-жазғы» операциялары басталды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда қызметкерлер қатысатын 9 мың 630 жоспарлы операция 1 қазан күніне дейін жалғасады.

Террористердің барлық баспаналары мен індеріне дейін кіретін операциялардың стратегиясы терроризмнің көзін өз орнында «іздеу, табу, жою» болып табылады.

2020 жылы 1 қазан мен 2021 жылы 15 сәуір аралығында ұйымдастырылған PKK-ға қарсы «күзгі-қысқы» операциялар сәтті аяқталды.

Бұл операцияларда 75 террорист залалсыздандырылды.

Мәлімдемеде мемлекеттің барлық мекемелерімен үйлесімділік және ынтымақтастық аясында түрік ұлтының қолдауымен терроризмге қарсы күресте қол жеткізілген табысты арттыра отырып, табандылықпен жалғасатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар