Ердоған басшылық жасаған Жоғары кеңес отырысы аяқталды

Ердоған: «Біз ‘армян айыптауы’ деген өтірікке қарсы шындықты қорғауды жалғастырамыз».

1626612
Ердоған басшылық жасаған Жоғары кеңес отырысы аяқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған негізсіз «армян айыптаулары» деп аталатын өтірікке қарсы шындықты қорғауды жалғастыратындықтарын айтты.

Ердоған басшылық жасаған Жоғары кеңес отырысында жаңа конституция, демократияға қарсы бастамалар және негізсіз «армян айыптаулары» туралы мәселе қаралды.

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун кездесудің егжей-тегжейіне қатысты мәлімдеме жасады.

Алтун құрметті президентіміздің негізсіз «армян айыптаулары» деп аталатын өтірік пен саяси есептеулермен бұл жалаға арқа шыққандарға қарсы шындықты қорғауды жалғастыратындықтарын мәлімдеді» деді.

Президент Ердоғанның басқа бағалаулары туралы Алтун «Президентіміз Республикамыздың 100 жылдығын төңкеріс конституциясымен емес, ұлтымыздың шешімімен жаңа және азаматтық конституциямен қарсы алғысы келетінін айтып, еліміздің қажеттіліктері мен ұлтымыздың үміттерін ақтайтын жаңа Конституция жасау үшін бар күш-жігерімен жұмыс жасайтынын атап көрсетті. Ұлттық ерік-жігерді қорғап, демократияны нысанаға алған әртүрлі бастама және сөйлемдерге қарсы табандылықпен күресетіндеріне назар аударған құрметті президентіміз Түркияның ілгерілеуінің тоқтатыла алмайтынын тілге тиек етті» деді.

Алтунның мәлімдемесіне қарағанда негізсіз «армян айыптаулары» деген жалаға қарсы басылатын қадамдарды бағалаған кеңес мүшелері сондай-ақ Грекияның Кипр, Шығыс Жерорта теңізі және Эгей проблемаларына қатысты теріс көзқарасы мен Батыс Фракиядағы түрік азшылығына қарсы қысымдарды да талқылады.

Алтун «Кеңес мүшелері Түркия үшін тарихи маңызы бар жаңа Конституцияның елдің бірлігі, күші, тұрақтылығы, қауіпсіздігі, қол жеткен жетістіктерін нығайта түсетін бір шеңберде және мүмкіндігінше ең ауқымды келіссөз процесімен дайындау туралы өз пікірлерін білдірді. Демократиямызды сіңіре алмаған антидемократиялық менталитеттің өкілдерінің әртүрлі сипаттарда өздерін әлі де көрсеткенін  баса айтқан Кеңес мүшелері Түркияның 2002 жылдан кейінгі демократияландыру қадамдарының маңызына назар аударып, 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті кезінде ұлтымыздың саяси ерік-жігеріне қалай қорғанғанын бүкіл әлемге көрсеткенін, төңкеріс пен қамқоршылықты жақтайтындардың бұдан кейін қалағанын істей алмайтынына назар аударды» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар