Түркия Мысырдағы пойыз апатының артынан көңіл айтты

Түркия Мысырда болған пойыз апатының артынан мәлімдеме жасап, көңіл айтты.

1623823
Түркия Мысырдағы пойыз апатының артынан көңіл айтты

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Мысырдың Калюбийе провинциясының Тух ауданында кеше болған пойыз апатынан 11 адамның қаза тапқаны және көптеген адамның жарақат алғанын еске салып көңіл айтылды.

Мәлімдемеде «Қаза тапқандарға Алланың рақымы мен жаралылардың сауығып кетуін тілейміз. Дос және бауырлас Мысыр халқы және марқұмдардың жанұялары мен туыс-тамырларына көңіл айтамыз» делінді.

Мысыр Денсаулық сақтау министрлігі жасаған мәлімдемесінде Тух қаласында Каир-Мансура сапарын жасаған пойыздың апатқа ұшырағанын және 11 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алғанын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар