Афринде террор шабуылдарында қолданылатын жарылғыштар тәркіленді

Хатай губернаторлығы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1624107
Афринде террор шабуылдарында қолданылатын жарылғыштар тәркіленді

Террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-нің жаңғырық тудыратын шабуылдарда қолдану мақсатты Афринге жіберген жарылғыш заттар түрік полициясының операциясымен тәркіленді.

Хатай губернаторлығы жасаған мәлімдемеге қарағанда, Полиция Бас дирекциясы Барлау бөлімшесі және Террормен күрес басқармасының ұйымдастыруымен Сирия қызмет тобы жасаған операцияда PKK террор ұйымының Сириядағы тармағы PYD/YPG-нің тұрғындар шоғырланған аймақтарда бомбалы шабуылдар жасау үшін Тель-Рыфаттан жіберген жарылғыш заттар тәркіленді.

Террорист екені анықталған Сирия азаматы бір күдікті ұсталған операцияда бомба жасауда қолданылатын электронды схемалар, 4 детонатор, басқару тетігі, 4 граната, мотоцикл батареялары табылды.

Мәлімдемеде қамауға алынған күдіктінің полициядағы жұмыстарының жалғасқаны және Хатай губернаторлығының ұйымдастыруымен тергеу ашылғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар