Грек министрге қажетті жауап қайтарылды

Президент Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1622707
Грек министрге қажетті жауап қайтарылды

Президент Режеп Тайып Ердоған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Грекия Сыртқы істер министрі Дендиастың айыптауларына бағытталған жауабына орай «Сыртқы істер министріміз Дендиастың осы ұстанымына  қажетті жауапты қайтарды» деді.

Президент Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол Никос Дендиастың кешегі баспасөз мәслихатындағы сөздеріне тоқталды. «Дендиас пен Сыртқы істер министріміздің кездесуінде өкінішке орай, іс басқа бағытқа ауды.  Сыртқы істер министріміз Дендиастың осы ұстанымына қажетті жауапты қайтарды.  Жұмсақ болу мүмкін емес еді.  Ұлт ретінде бұл бізге жараспас еді» деді ол.

Ердоған Дендиастың ұстанымының дұрыс еместігін айтты. «Мен кездесуде Түркия мен Грекия арасында үйлесімділік болсын, арамызға басқаларды алмайық деп айттым» деді ол.

Ердоған: «Батыс Фракиядағы бас мүфтиді тағайындау құқығы (1923 жылғы Лозанна келісімі бойынша) жоқ олардың. Біз елімізде патриархты тағайындамаймыз. Грекия болса мүфтилерді өзінің мемлекеттік қызметкері секілді тағайындағысы келеді. Бұлар халықаралық құқыққа да қайшы, арамыздағы қатынастардың бұзылуына себеп болады. Біз еш нәтиже ала алмадық» деді.

Чавушоғлу кеше Анкараға келген Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиаспен бірге баспасөз мәслихатын өткізген еді. Дәйексіз айыптаулар айтқан қонақ министрге «Бұл алғашқы кездесудің жақсы, жағымдырақ атмосферада өтуін қалап едік.  Бірақ Никос Дендиас өз сөзінде өкінішке орай, еліме бағыттап қабылданбайтын айыптауларды тілге тиек етті. Түркия Грекияның егемендік құқығын таптағанын алға тартты.  Бұл қабылданбайды. Түркия Республикасы өзінің құқықтарын, әсіресе Жерорта теңізінің шығысында және Кипр түрік құқығын қорғауға мүдделі. Басқан қадамдарымыз да осыған байланысты.  Осында келіп,  Түркияны айыптайтын болсаңыз, менің де жауап беруім керек. Айырықша  Түркияда біз Понти православ қоғамын сол қалпында қабылдаймыз.  Бірақ сіздер «мен түрікпін» деген кісілерге «жоқ, түрік емессіңдер, тек мұсылмансыңдар» деп айтасыздар,  бұл халықаралық құқыққа қайшы, адамдыққа да жатпайды» деп жауап берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар