Түркия Ливияға 150 мың доза вакцина жіберді

Әуе Күштеріне тиесілі ұшақпен апарылатын вакциналар Ливияның ковид-19 індетімен күресуіне үлес қосады.

1621349
Түркия Ливияға 150 мың доза вакцина жіберді

Жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індетімен күресу аясында Түркиядан Ливияға 150 мың доза вакцина жіберілді. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігі твиттер арқылы Ливияға жіберілген вакциналар жайлы мәлімдеме жасады. 

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде "Президентіміз құрметті Режеп Тайын Ердоғанның бұйрығымен дайындалған ковид-19 вакциналарын жеткізетін Әуе Күштеріне тиесілі ұшақ дайындықтарын тамамдағаннан кейін  Анкара Этимесгут әуежайынан аттанды" деген сөздерге орын берілді. 

Президент Ердоған осы апта басында астана Анкараға ресми сапармен келген Ливия Ұлттық бірлік үкіметінің премьер-министрі Абдулхамид Дибейбемен кездесу барысында "Ливияға 150 мың доза вакцина жібереміз" деген еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар