PKK-лық бір террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Көндіру жұмыстары нәтижесінде берілген террорист саны биыл 51-ге жетті.

1621056
PKK-лық бір террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Көндіру жұмыстары нәтижесінде террор ұйымы PKK-дан қашқан тағы бір террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Осылайша биыл көндіру арқылы берілген террорист саны 51-ге ұласты.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда берілген террористтің 2005 жылы ұйымға мүше болғаны және ұйымның Ирактағы жұмыстарын атқарғаны анықталды.

Басқа жағынан қауіпсіздік күштері 2021 жылының алғашқы 3 айлық мерзімінде PKK-лық 382 террористті залалсыздандырылды.

Залалсыздандырылған террористтер арасында іздеу салынған террористтер тізімінде орын алған «қызыл» категориядағы PKK-ның Аманос аймақтық жауапкері және Мардин қалалық жауапкеріне қоса, «қызғылт» категориядағы Мардин Багок аймағы жауапкері де бар.

Операцияларда террористтерге тиесілі үңгір және баспаналар да жойылды.



Ұқсас жаңалықтар