Мысырмен өзара барыс-келіс жасалуы мүмкін

Чавушоғлу астана Анкарада журналисттерге күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

1621066
Мысырмен өзара барыс-келіс жасалуы мүмкін

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу жаңа кезеңде Мысырмен өзара барыс-келіс жасалуы мүмкіндігін айтты. 

Чавушоғлу астана Анкарада журналисттерге күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады. 

Чавушоғлу Мысырмен қарым-қатынас жайлы "Жаңа кезеңде өзара барыс-келіс жасалуы және кездесулер өткізілуі мүмкін" деген сөздер қолданды. 

Екі ел арасында сыртқы істер министр орынбасарлары деңгейінде бір жиналыс өткізілетінін мәлімдеген Чавушоғлу жоспардың жалғасқанын, алайда уақытының әлі белгілі емес екенін білдірді. 

Мысырға өкілетті елші тағайындау тақырыбының қолға алынбағанын түсіндірген Чавушоғлу тақырыптың министр орынбасарлары деңгейінде өткізілетін жиналыста күн тәртіпке келуі мүмкіндігін атап өтті. 

Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиастың Анкара сапарына байланысты мәлімдеме жасаған Чавушоғлу сапар уақытының бір күн кешіктірілгенін баяндады.  

 



Ұқсас жаңалықтар