Ердоған Украина мен Ливия тақырыбына тоқталды

Ердоған Еуропа Одағының Түркияға басқа мүшелікке үміткер елдермен ұқсас тұғыр көрсетуін талап етті.

1620633
Ердоған Украина мен Ливия тақырыбына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Еуропа Одағынан талабымыз бізге мүшелігі қабылданған басқа елдермен ұқсас процестер мен тәртіптерді атқаруы" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Еуроодақтан тек қана талабымыз бізге де мүшелігі қабылданған басқа елдермен ұқсас процестер мен тәртіптерді атқаруы деген Ердоған сөзін былай жалғады:

"Түркияның демократия, адам құқықтары, экономикалық сенім мен тұрақтылығы сияқты талпыныстарында алдымен өз азаматтарының құқығы, еркіндігі мен байлығын көтеруді мақсат етеді. Осы процесті Еуроодақпен бірге өткізсек тіпті жақсы болар еді. Негізінде біз өз азаматтарымыз үшін ең жақсысын, қайырлысын, пайдалысын жасауды жалғастырудамыз."

Украинамен қарым-қатынастарға байланысты басылатын қадамның аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін маңызды екеніне сенгенін айтқан Ердоған Ливия жайлы:

"500 жылдық байланысқа ие Ливияның бейбітшілік және амандық ішінде өмір сүруін шынайы тілейміз" деді. 



Ұқсас жаңалықтар