Мәжіліс төрағасы Шентоп пен вице-президент Октай Оразамен құттықтады

Ислам әлемі асыға күткен "11 айдың сұлтаны - Рамазан" бүгін басталды.

1620407
Мәжіліс төрағасы Шентоп пен вице-президент Октай Оразамен құттықтады
Oktay.jpg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Рамазан айына орай құттықтау жариялады.

Шентоп әлеуметтік медиа аккаунтынан жасаған хабарламада «Қайтадан тірілуге, рухымызды тазалап, тыныштық табуымызға негіз болған 11 айдың сұлтаны, Құран айы «Рамазанға» жетудің қуанышын бөлісудеміз. Осы мүбәрәк айдың елімізге және барлық ислам әлеміне қоса бүкіл адамзатқа құт-береке әкелуін Алла тағаладан тілеймін» деді.

Вице-президент Фуат Октай болса Рамазан айымен құттықтаған хабарламасында «Қайырымдылық пен бөлісудің айы Рамазанның ұлтымыз бен барлық ислам әлеміне жақсылық әкелуін тілеймін. Раббым оразаларыңызды, дұғаларыңызды, орындаған ғибадаттарыңызды қабылдап, Ораза айтқа да аман-есен жеткізсін» деді.



Ұқсас жаңалықтар