Қорғаныс министрі Акар Ливия премьер-министрі Дибейбемен бас қосты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ливия Ұлттық Бірлік үкіметі премьер-министрі Абдүлхамид Дибейбемен бас қосты.

1620317
Қорғаныс министрі Акар Ливия премьер-министрі Дибейбемен бас қосты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ливия Ұлттық Бірлік үкіметі премьер-министрі қызметіне қоса Қорғаныс министрі міндетін де атқаратын Абдүлхамид әл-Дибейбемен бас қосты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Акар Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен «Түркия мен Ливия арасында Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі» жиналысы үшін елге келген Абдүлхамид әл-Дибейбемен кеше бас қосты.

Ливиядағы соңғы жағдайға қатысты көзқарас алмасылған бас қосуда министр Акар Түркияның шекара тұтастығы мен саяси бірлігін қамтамасыз еткен бейбіт, тыныш және тұрақты өмір сүретін бір Ливия мемлекетін негізін қалауға үлес қосуды мақсат еткендерін білдірді.

Түркияның Ливиялық бауырларына беретін әскери және қауіпсіздік салалары бойынша оқу-жаттығу, жәрдем және кеңесшілік қызметін жалғастыратынын атап көрсеткен Акар тұрақты, тәуелсіз және егемен бір Ливия мемлекетін әрдайым қолдайтындарын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар