Айважык ауданы су айдынында  55 босқын құтқарылды

Балыкесир провинциясының Айважык ауданы су айдынында үрлемелі қайықтағы 55 босқын құтқарылды.

1619998
Айважык ауданы су айдынында  55 босқын құтқарылды

Айважык ауданы су айдынында  55 босқын құтқарылды.

Балыкесир провинциясының Айважык ауданы су айдынында  Грекия жағалау қауіпсіздік күштері тарапынан түрік су айдынына қайтарылған үрлемелі қайықтағы 55 босқын құтқарылды.

Эгей теңізінде Гүнеш(Күн) аралы су айдынында үрлемелі қайықтағы босқындардың  жәрдем сұрау хабарына орай қауіпсіздік күштері аймаққа барды.

Мидили аралына баруға тырысқан кезде Грекия жағалау қауіпсіздік күштері тарапынан түрік су айдынына қайтарылған 55 босқын Гунда аралындағы жағалау қауіпсіздік басқармасына апарылды. 

Босқындарға киім-кешек, азық-түлік пен сусын берілді және медициналық жақтан жәрдем жасалды. 

 



Ұқсас жаңалықтар