15 күн "ішінара шектеме" жасалады

Президент Ердоған: "Екі апталық кезеңде мақсат еткен нысанаға жете алмасақ, жалғасында тіпті қатаң шаралардың жасалуы мүмкін" деген ескерту жасады.

1620592
15 күн "ішінара шектеме" жасалады

Түркияда коронавируспен күрес сақтық шараларымен жалғасуда.

Түркияда соңғы 24 сағатта 273 адам қайтыс болды.

Коронавирус басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 34 мың 455 кісіге көбейді. 

Бір күнде 306 мың 563 сынама жүргізіліп, 2 мың 723  жаңа науқас тіркелді.

Бір тәулікте 59 мың 187 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 52 мың 104 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 3 миллион 424 мың 733 кісіге жетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған індетпен күрес аясында кабинет жиналысында жасалған жаңа шешімдерді жариялады.

Ердоған 15 күндік "ішінара шектеме" аясында аптаның соңында толық, аптаның арасында кешкі сағат 19.00-05.00 сағаттары арасында көшеге шығудың шектелетінін, осы сағаттарда қалалар арасындағы саяхаттың мәжбүр жағдайлардан тыс шектелгенін, мемлекеттік органдарда жұмыс сағаттарын босаңсыту тәртібінің жекеменшік секторларда да атқарылатынын, білім беру, түрліше емтиханға дайындалатын және дайындық сыныптардан тыс алыстан білім берудің жалғасатынын, мейрамхана сияқты жұмыс орындарының тек қана пакетпен жеткізу қызметін атқаратынын, жабық алаңдардағы топтық іс-шаралардың бір ай кешіктірілетінін хабарлады.

Президент Ердоған:

"Екі апталық кезеңде мақсат еткен нысанаға жете алмасақ, жалғасында тіпті қатаң шаралардың жасалуы мүмкін" деген ескерту жасады.



Ұқсас жаңалықтар