Министр Сойлу Анкарада ливиялық әріптесімен бас қосты

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мен Ливияның Ішкі істер министрі Халид эт-Тижани Мазин бас қосты.

1619637
Министр Сойлу Анкарада ливиялық әріптесімен бас қосты

Әртүрлі байланыстар аясында Түркияға келген Ливия премьер-министрі Абдулхамид әл-Дибейбе басшылығындағы делегация құрамында орын алған Ішкі істер министрі Мазин Сойлумен бас қала Анкарада бас қосты.

Ливияда құрылған жаңа үкіметті құттықтап табыс тілеген Сойлу ливиялық бауырларын Түркияда көргеніне қуанышты екенін тілге тиек етті. Сойлу өте сындарлы және болашаққа бағытталған қадамдары мықты бір кездесу болғанына сенім білдірді.

Ливия Ішкі істер министрі Мазин болса Түркия мен Ливия арасындағы достықтың ұзақ жылдарға созылғанын атап, бас қосу үшін алғысын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар