Ердоған мен Зеленский баспасөз жиналысы өткізді

Зеленский: "Түркия берген қолдау біз үшін аса маңызды".

1618776
Ердоған мен Зеленский баспасөз жиналысы өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған «Қаратеңіздің бір бейбітшілік, тыныштық және ынтымақтастық теңізі болуын жалғастыруы басты мақсатымыз» деді.

Президент Ердоған және ресми сапар аясында Түркияға келген Украина президенті Владимир Зеленский Стамбулда оңаша және делегация аралық жиналыстың артынан ортақ баспасөз мәслихаты өткізді.

«Түркия ретінде Украинаның шекара тұтастығы мен егемендегін мықты түрде қолдаймыз» деген Ердоған «Қазіргі дағдарыстың Украинаның шекара тұтастығы мен халықаралық заңдар негізінде бейбітшіл және дипломатиялық әдістермен шешілу керектігіне сенеміз» деді.

Президент Ердоған Түркияның Украинамен ынтымақтастығының ешбір жағдайда үшінші елдерге қарсы бір әрекет еместігін баса айтты.

Зеленскиймен кездесуінде Қырым аннексиясын мойындамау жөнінде өзінің шешімін қайталаған Ердоған «Украинаның халықаралық қоғамды "Қырым тақырыбы" төңірегінде біріктіруді мақсат еткен «Қырым платформасы» бастамасына қолдауымызды тілге тиек еттік» деді.

Украина президенті Зеленский болса «Егемендігіміз бен шекара тұтастығымыздың қайта қалпына келуі үшін Түркия берген қолдау біз үшін аса маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар