Министр Чавушоғлу кувейттік әріптесімен Анкарада бас қосты

Кувейт Сыртқы істер министрі Ахмед Насыр Мұхаммед эс-Сабах ресми сапармен Түркияға келді.

1617340
Министр Чавушоғлу кувейттік әріптесімен Анкарада бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Кувейттің аймақтық тақырыптарда Түркиямен ортақ көзқараста болғанына ризашылығын білдірді..

Чавушоғлу бас қала Анкараға ресми сапармен келген Кувейт Сыртқы істер министрі және кабинет жұмыстарына жауапты мемлекеттік министр Ахмед Насыр Мұхаммед эс-Сабахпен оңаша бас қосты.

Түркия-Кувейт бірлескен ынтымақтас комитеті жиналысына да қатысқан екі министр кейін болса ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Әріптесімен екі ел қарым-қатынастары мен аймақтық тақырыптарды қолға алғандарын атап көрсеткен Чавушоғлу «Аймақтық тақырыптарда ортақ көзқараста болғанымызға ризамын. Екі елдің аймақтағы мақсаты бейбітшілік, тұрақтылық, тыныштық пен экономикалық өркендеу» деді.

Чавушоғлу Кувейттің аймақтық мәселелерде мойындаған дәнекерлік рөлінің мақтанышқа ие екенін атап, Түркияның Кувейттің бұл маңызды рөлін қолдауды жалғастыратынын білдірді.

Кувейттік министр болса Түркия мен Кувейт арасындағы қарым-қатынастардың жан-жақты екенін және өзара ресми сапарлардың жалғасатынын атап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жетілдіргілері келгеніне назар аударды.

Сабах шығанақ дағдарысының шешімі тақырыбында дос Түркия мемлекеті мен барлық елдерге қолдаулары үшін алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар