Конияда әскери акробаттық ұшақ құлады

Конияның орталық Қаратай ауданында әскери акробаттық ұшағы апатқа ұшырап, 1 ұшқыш шейіт болды.

1616635
Конияда әскери акробаттық ұшақ құлады

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) жасаған мәлімдемеде "Конияда оқу-жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшыраған Әуе күштері қолбасшылығымызға тиесілі NF-5 әскери ұшағымыздың ұшқышы шейіт болды" делінді.

Оқиғаның артынан аймаққа көптеген денсаулық сақтау және өрт сөндіру тобы жіберілді.

NF-5 әскери акробаттық ұшағының Кония 3-ші реактивті базадан ұшып шыққаны білдірілді.

Тақырыппен байланысты қажетті тергеудің басталғанын атап көрсеткен мәлімдемеде «Батыр ұшқышымызға Алланың рақымын, отбасына сабыр тілеймін. Түрік Қарулы күштеріміз және ұлтымызға көңіл айтамын» делінді.

Президент Режеп Тайып Ердоған болса әлеуметтік аккаунтынан жасаған хабарламада Конияда бір акробаттық ұшақтың жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшырағанын және ұшқышының шейіт болғанын атап көрсетті.

Ердоған «Шейітімізге Алладан рақым тілей отырып, жанұясына, туыс-тамырына, Түрік Қарулы күштеріміз бен ұлтымызға көңіл айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар