АҚШ-тық саясаттанушыдан түрік пилотсыз әуе көліктеріне мақтау

Американдық саясаттанушы Фрэнсис Фукуяма түрік қарулы пилотсыз әуе көліктерін мақтайтын бір мақала жариялады.

1616308
АҚШ-тық саясаттанушыдан түрік пилотсыз әуе көліктеріне мақтау

Американдық саясаттанушы Фрэнсис Фукуяма түрік қарулы пилотсыз әуе көліктерінің өткен жылы Түркияның аймақтық күш ретінде көтерілуіне маңызды үлес қосқанын атап айтты.

Фукуяма «American Purpose» журналында жарияланған мақаласында түрік пилотсыз әуе көліктерінің аймақта тудырған жаңғырығын мақтай отырып назар аударады.

«Жаһандық көрініс әскери пилотсыз әуе көліктері тарапынан өзгертілді және Түркия осында басты актер болды» деп пайымдаған Фукуяма Түркияның отандық өндірісі пилотсыз әуе көліктерін Ливия, Сирия, Таулы Қарабах және өз шекаралары ішінде террор ұйымы PKK-ға қарсы қолданғанын атап көрсеткен.

Түрік қарулы пилотсыз әуе көліктерінің қабілетінің әсеріне назар аударған американдық саясаттанушы «Соңғы түрік дрондары өте әсерлі. Мысалы «Байрактар TB2» пилотсыз әуе көліктері 24 сағат бойынша ауада ұша алады. Әрі барлау, әрі шабуылдау қызметтерін толығымен орындай алады» деді.

Сирияда, Ливияда және Таулы Қарабахта қолданылған түрік пилотсыз әуе көліктерінің майданда орындаған қызметтерінің таңқаларлық екенін атап көрсеткен Фукуяма бұл әуе көліктерінің әсіресе армян әскери күштеріне келтірген зиянының назар аударарлықтай екенін жазды.

Фукуяма соңғы жылдары өндірілген пилотсыз әуе көліктерінің бүгінгі соғыс тактикасын өзгерткеніне назар аударып, «Пилотсыз әуе көліктері 2020 жылы Түркияның аймақтық бір күш ретінде алға жылжуына маңызды үлес қосты. Ел аталмыш 3 қақтығыстың нәтижесін батылдықпен анықтап, одан да көп нәрсе жасай алатынын көрсетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар