«Sea SHIELD-21» шақыру жаттығуы аяқталды

Жаттығуға Түркияға қоса АҚШ, Болгария, Испания, Польша және Грекия қосылды.

1613379
«Sea SHIELD-21» шақыру жаттығуы аяқталды

«Sea SHIELD-21» шақыру жаттығуы Румынияның қонақжайлығында 19-29 наурыз күндері арасында Қаратеңіздің батысында жүзеге асырылды.

ТР Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда жаттығуға Түркияға қоса АҚШ, Болгария, Испания, Польша және Грекия қосылды.

Оқу-жаттығуға НАТО тұрақты әскери-теңіз тобы-2-ге тағайындалған «TCG Kemalreis» (TCG Кемалреис) фрегаты да қатысты.

Жаттығудың артынан TCG Kemalreis фрегатымен бірге Испания, Болгария және Румынияның кемелері 29-31 наурыз күндері арасында жаттығу аясында Самсун портына келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар