Сауда министрі Рухсар Пекжан Әзербайжанда

Сауда министрі Рухсар Пекжан екі ел арасындағы сауда-саттық келісімдерді бағалады.

1613750
Сауда министрі Рухсар Пекжан Әзербайжанда

Сауда министрі Рухсар Пекжан Түркия мен Әзербайжан арасында өзара инвестициялардың арттырылуы және Еркін сауда келісімінің іске қосылуымен 15 миллиард долларлық сауда көлемі нысанасына одан көбірек жақындағанын атап көрсетті.

Әзербайжанда байланыстарын жалғастырған Пекжан марқұм президент Гайдар Алиевтің қабіріне барып, гүл шоғы қойды, дұға оқыды.

Пекжан кейін болса 20 қаңтар шейіттері жерленген Баку шейіттігінің Мәңгілік От ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Баку түрік шейіттігіне өтті.

Пекжан баспасөзге жасаған мәлімдемеде 1 сәуір күнінен бастап Түркия мен Әзербайжан арасында жеке куәлікпен жүру кезеңінің басталғанын, мұның қуантатын жағдай екенін атап көрсетті.

Өткен ай Таңдаулы Сауда келісімінің іске қосылғанын еске салған Пекжан екі ел арасында қол қойылған «Қарапайым өзара түсіністік туралы меморандумның» 15 сәуір күні іске қосылатынын жариялады.

Әзербайжанның Таулы Қарабах тақырыбында майданда және үстелдегі жеңісінің Түркияның да табысы екенін атап көрсеткен Пекжан «Оккупациядан құтқарылған аймақтарды қайтадан салу тақырыбында Түркия ретінде әрі мемлекеттік мекемелерімізбен, әрі жекеменшік саламен Әзербайжанмен бірге қызмет көрсетуге дайын екенімізді өздеріне жеткіздік» деді.

Пекжан екі ел мемлекет басшыларының 15 миллиард долларлық сауда көлемі нысанасы белгілегенін еске салып «Таңдаулы сауда келісімі іске қосылды. Алайда ауқымын кеңейтуге тырысамыз. Бір нарықтық көзқараспен Еркін Сауда келісіміне айналуы жөнінде де бір тұрақтығымыз бар. Екіжақты инвестицияларды арттыру және Еркін сауда келісімінің іске қосылуымен де 15 миллиардтық нысанамызға одан көп жақындаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар