Министр ДДСҰ брифингінде сөйледі

"Қысқа уақытта өз вакцинамызды өндіретінімізге сенеміз" деді.

1613380
Министр ДДСҰ брифингінде сөйледі

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа «Түркияның коронавирус отандық вакцинасын өндіру жұмыстары жылдам жалғасып жатыр. Қысқа уақытта өз вакцинамызды өндіретінімізге сенеміз» деді.

Министр Кожа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Женевадағы орталығында өткізілген апталық брифингке қатысты. Ол отандық вакцина жөнінде мәлімет берді.

Министр Түркияның ДДСҰ тарапынан тіркелген вакциналар тізімінде 18 вакцинасы бар екенін білдірді.  «Тамыз-қыркүйек айларында алғашқы вакцинамыздың жұмыстары аяқталады деп сенеміз» деді.
Министр Кожа артынан журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Ковид эпидемиясымен күресте Түркияның әлемге қандай үлесі болды?» деген сұраққа жауап берген министр Түркияның пандемия процесінде 158 елге сақтандырушы жабдық, диагноз жиһазы және жасанды тыныс алу жиһаздарын жолдағанын айтты.
Ол коронавирус эпаидемиясы кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы секілді 14 халықаралық ұйыммен ынтымақтастықта болғанын білдірді. «Мен өзім осы процесте 20 елдің денсаулық сақтау министрлерімен  байланыста болдым.  Айырықша Коронавирус Ғылыми кеңесі де 13 елмен тәжірибелерін бөлісті» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар