Алтун АҚШ-тың Адам құқықтары есебіне наразылық көрсетті

Фахреттин Алтун АҚШ-тың Адам құқықтары жөніндегі жылдық есебінің әділетсіз екенін мәлімдеді.

1613359
Алтун АҚШ-тың Адам құқықтары есебіне наразылық көрсетті

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун АҚШ Сыртқы істер министрлігінің Адам құқықтары жөніндегі жылдық есебінің шындықтарға сәйкес келмегенін мәлімдеді.

Алтун әлеуметтік медиа аккаунтынан ағылшын тілінде жасаған мәлімдемесінде Түркияның адам құқықтары тақырыбын ішкі саясат мәселесі емес, жаһандық бір мәселе ретінде қарастырғанына назар аударды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның аймақ және әлемдегі адам құқықтары тапшылығына қарсы шыққан жалғыз басшы екенін баса айтқан Алтун Түркияның адам құқықтары тақырыбында ең үлкен жетістіктерге Әділет және даму партиясы үкіметтері кезеңінде қол жеткізгенін атап көрсетті.

Фахреттин Алтун есепте Түркияға бағытталған әділетсіз сындардың орын алғанын атап, Түркияның террормен күресінде адам құқықтары сезімталдығына назар аударды.

Алтун «Түркия террор ұйымдары PKK, ФЕТӨ және ДАИШ-ке қарсы күресін қауіпсіздік және азаматтарымыздың құқығы мен еркіндіктері арасындағы теңгерімді назарға ала отырып жалғастыруда» деді.

Террористік ұйымдарды бостандықтарға ең үлкен кедергі ретінде сипаттайтын Алтун «Түркияның ЕО және АҚШ-пен келіссөз есігі әрдайым соңына дейін ашық болды. Алайда бостандықпен қатар халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі біздің қызыл сызығымыз» деді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің Адам құқықтары жөніндегі жылдық есебінің шындықтарға сәйкес келмегеніне назар аударған Алтун террормен күреске және үкіметтің азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талпынысын нысанаға алған әділетсіз сынға байыпты қарауға болмайтынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар