Террор ұйымы ДАИШ-ке ауыр соққы

Соңғы 1 айлық мерзімде ДАИШ террор ұйымына мүше 164 адам тергеуге алды.

1612831
Террор ұйымы ДАИШ-ке ауыр соққы

Террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы ықпалды және табанды күресін жалғастыратын Түркия өткен ай ел көлеміндегі операцияларымен ұйымға ауыр соққы енгізді.

Қауіпсіздік күштері ұйымдастырған табысты операцияларымен Стамбул мен Анкарадан бастап көптеген қалада қанды террор шабуылдарының алдын алды.

Наурыз айында полиция, жандармерия және шекара жасақтары жүргізген операциялар барысында араларында шетелдіктер де бар 164 күдіктіні тергеуге алды. Ұйымға тиесілі көптеген құжат, қару мен оқ-дәрі тәркіленді.

Тергеуге алынған күдіктілердің 26-сы тұтқындалды. Күдіктілердің кейбіреулері шекарадан шығарылып, кейбіреулерінің сот процесі жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар