Министр Мевлүт Чавушоғлу маршал Рашид Достуммен бас қосты

Сыртқы істер министрі Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті маршал Рашид Достуммен Анкарада бас қосты.

1612874
Министр Мевлүт Чавушоғлу маршал Рашид Достуммен бас қосты

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда Чавушоғлу мен Достум Сыртқы істер министрлігі бас ғимаратында кездесті.

Чавушоғлу Твиттер аккаунтынан бас қосумен байланысты жасаған мәлімдемесінде Достуммен бейбітшілік кезеңі және Ауғанстандағы түрік тектілердің жағдайын қолға алғандарын атап көрсетті.

Чавушоғлу хабарламасында «Бауырлас ауған халқына бейбіт және тұрақтылық ізденістерінде қолдауымызды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар