Сириялықтар үшін жәрдем конференциясы

Түркия атынан Сыртқы істер министрі орынбасары Явуз Селим Кыран онлайн конференцияға қатысты.

1611727
Сириялықтар үшін жәрдем конференциясы

Сыртқы істер министрі орынбасары Явуз Селим Кыран халықаралық қоғамның Сириядағы гуманитарлық трагедияға тұрақты шешімдер іздеу үшін бірге қозғалып, Еуроодақтың да Түркияның ауыр жүгін назарға алуға тиісті екенін атап көрсетті.

Кыран БҰҰ мен Еуроодақ бірге ұйымдастырған «Сирия мен аймақтың болашағына қолдау беру» тақырыпты онлайн форматтағы Сирия конференциясының министрлер отырысында баяндама жасады.

Сирия дағдарысының артта қалған 10 жылында Екінші Дүниежүзілік соғыстан бері болған ең үлкен гуманитарлық трагедияға себеп болғанын баса айтқан Кыран Түркияда күштеп елінен кетуге мәжбүрленген 4 миллион адамның өмір сүргенін және бұлардың 3,7 миллионының сириялық екенін еске салды.

Босқындардың өмір сүру құқығын қорғаудың заңды және моральдық жауапкершілік екенін атап көрсеткен Кыран Грекияның келімсектерді су айдынынан күштеп итермелеуі мен өзінің баспана беруден бас тартуының халықаралық құқыққа қайшы екеніне назар аударды.

Сириялық босқындардың қазіргі жағдайын жақсарту үшін талпынғандарын атап көрсеткен Кыран «Халықаралық қоғам мен Еуроодақтың Сирияда қажетті инфрақұрылымды құру үшін көп нәрсе істеуі керек» деді.

Кыран Түркиядағы босқындар үшін Қаржы жәрдем бағдарламасы аясында Еуроодақпен ынтымақтастыққа тоқталып, бұл аяда уәде етілген 3+3 миллиард евроның толығымен төленбегенін және Еуроодақтың уәделерін орындауын күткендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар